В Павлодарской области продолжается прием заявок на обучение по проекту «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
13.02.2017

«Даму» Қорының Павлодар облысы бойынша филиалы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша өтініш қабылдауды жалғасуда.

Кәсіпкерлер құзіретін арттырудың біріңғай бағдарламасы аясында басталған бұл жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Жоба стартап жоба құруға жеткілікті болатын құзірет қалыптастырып, дамыту үшін азаматтардың кәсіпкерлік дағдыларын ұштауды көздейді. Сондай-ақ бұл дағдылардың болашақта жемісті бизнеске айналуына қолдау көрсетіп, осы іс бастаған кәсіпкерлерді қаржы көздеріне жақындатуды да мақсат тұтқан.

Жоба аясында «Кәсіпкерлікке кіріспе», «Кәсіпкерлік психологиясы», «Кәсіпкерліктің заңдық және қаржылық тетіктері», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бизнес-жоспарлау» секілді бірқатар тақырыптар бойынша үш күндік тегін оқу қарастырылған.

Өтініштер 17.02.2017 ж. дейін Павлодар қаласы, Короленко көшесі 109 ғимаратында қабылданады.

Өтетін күні: 22.02.2017-24.02.2017 дейін, Короленко көшесі 109 – КҚКО ғимараты, Павлодар облысы, сағат 09:00-ден 17:00

Тел.: 8 701 081 77 71, 8 7182 208 359