В ЦОПе Кызылорды можно получить бесплатные консультации по бухгалтерскому и налоговому учету

Анонсы
15.02.2017

Құрметті Қызылорда облысының кәсіпкерлері! «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бухгалтерлік және салық есебі бойынша тегін қызмет көрсетілуде.

Сіздер келесі қызметтерді тегін пайдалана аласыздар:

  • Салық салу мен салықтық әкімшіліктендіру сұрақтары бойынша кеңестер;
  • Салық заңдылығы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттеу заңдылығы бойынша кеңестер;
  • Бастапқы құжаттарды өңдеу, салық есептеу мен басқа да бюджет аударымдары бойынша кеңестер;
  • Бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кеңестер;
  • 1 «С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс жасау бойынша кеңестер;
  • Типтік банк құжаттарын дайындау мен толтыру бойынша кеңестер;
  • Салық есебін дайындау мен тапсыру туралы кеңестер;
  • Салық есебін тапсыру нысандарын толтыру бойынша кеңестер (910, 100, 200, 300 және т.б)
  • Статистикалық есепті дайындау мен тапсыру бойынша кеңестер;

Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қ, Журба көшесі 12, «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1 қабат, байланыс телефоны:+7 7242 551118.