23 июня в Астане пройдет мастер-класс на тему «Как быстро усилить эффект сарафанного радио и повысить Вашу экспертность?»

Анонсы
20.06.2016

23-маусым күні «Даму» Қорының Астана қаласындағы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында шеберлік сабағы өтеді. Қатысушылардың назарына сату көрсеткіштерін арттырудағы ең озық әдістер ұсынылады.

Кездесуде төмендегі мәселелер қаралады:

Сарапшыларға неге жоғары ақы төленеді, ал сізге кем?

Бірнеше жыл жұмсамай-ақ қалай сарапшы болуға болады?

Сіздің қызметіңіз туралы «ұзынқұлақтан» қалай жарнама жасауға болады?

Неге сіздің жарнама тиімді жұмыс істемейді?

Неге сізде сатып алушылар аз?

Неге клиенттер бәсекелестеріңізге кетеді?

Кездесуге кәсіпкерлер мен компания басшылары шақырылады!

Басталуы 23-маусым 2016 жыл., сағат 10:00.

Кездесудің ұзақтығы: 2 сағат. Қатысу – тегін, bingold77@gmail.com электронды поштаға тіркелуі қажет.

Қатысуға ниет білдіргендерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Қажымұқан көшесі, 8А, 3 қабат, мәжіліс залы. Қосымша ақпарат: 8 701 101 95 87.