7 июля в Алматы при поддержке Фонда «Даму» состоится конференция на тему франчайзинга

Анонсы
21.06.2016

2016 жылы «Франчайзинг. Аймақтар» федералдық жобасы Ресейдің федералдық және өңірлік франчайзерлері үшін Қазақстанға бизнес-миссия ұйымдастырмақ. Негізгі шаралар Алматы қаласында өтеді.

Мақсаты: кәсіпкерлікті насихаттау, іскерлік кооперация және әріптестік орнату, экономикалық белсенді жұртты бизнеске тарту, сапалы коммуникациялық алаң құру, бір қала немесе аумақта тұтынушылық нарық құруға ықпал ету, аймақтық брендтерді насихаттау, кәсіпкерлік қауымның қаржылық сауатын арттыру, франшиза сатып алып, өз франшизаларын құратын кәсіпкерлерлі қолдау механизмдерін жасау

Қазақстанға екі күндік бизнес-миссия аясында «Франчайзинг. Аймақтар» федералдық жобасының ұйымдастыру комитеті мен «Даму» Қоры бірлесіп 7 шілде күні Алматыда франчайзинг тақырыбында конференция өткізеді. Оған қоғамдық тамақтану, білім беру, қызмет көрсету, әлеуметтік бизнес саласындағы барлық бренд өкілдері қатысады. Бағдарлама бойынша әлеуметтік франшизалар таныстырылымы, франчайзинг кәсіпорындарға саяхат бар.

Осы салада бизнес жүргізгісі келген кез-келген кәсіпкер қатыса алады. Ол үшін http://franshiza-forum.ru сайтына тіркелу керек. Осы сайтта жаңалықтарды көруге де болады.

Наталья Викторовна Ильясова

+7-922-005-61-46, 8(499) 605-07-05

n.v.ilyasova@gmail.com