11 июля в Толебийском районе Южно-Казахстанской области состоится пресс-тур по предприятиям-участникам программы «Дорожная карта бизнеса 2020»

Анонсы
07.07.2016

ОҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Аймақтық филиалы Сіздерді Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорындарға БАСПАСӨЗ-САЯХАТЫНА шақырады.

Сіздер баспасөз-саяхаты барысында Төлеби ауданының қызықты және жаңа бизнес-жобаларымен таныса аласыздар:

коммерциялық мектепке дейінгі мекеме аудан үшін өзекті мәселені шешуге қалай көмектесіп жатқанын көресіздер;

отандық импортты алмастырушы кәсіпорындар қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігін көресізде;

Сіздердің сұрақтарыңызға кәсіпорын басшылары және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалының қызметкерлері жауап береді.

Баспасөз-саяхатының бағдарламасына «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекет қолдауын тапқан келесі кәсіпорындар қамтылған:

ЖК Нұрымбетова Перизат – бала бақша мекемесін ұйымдастыру;

«Ленгер Май» ЖШС – Өсімдік майының өндірісін ұйымдастыру.

Уақыты: 11 шілде 2016 жыл;

08:30 – Жиналу;

Шығу орны: ОҚО, Шымкент қ., Рысқұлов көш., 8 А («Наурыз» аялдамасы), Оңтүстік Қазақстан облыс бойынша «Даму» Қорының Аймақтық филиалының кеңсесі

Құрметті мырзалар, сіздерден өздеріңіздің қатысуларыңызды жақын арада растауларыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат үшін Сіздер мына телефондар бойынша хабарласуларыңызға болады: 8/7252/99-70-49, 87782907050 Майя Бердалиева.