Көкшетау қаласының Кəсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында «Жаңа бизнес бастаманы қолдау» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Аталған жоба бизнес саласында жəне жеке істі жүзеге асырудағы білімді жүйеге келтіруге көмектеседі.
Жобаға 18-29 жас аралығындағы өз ісін жаңа бастап жатқан кəсіпкерлер қатыса алады. Өтінімдер 4 тамызға дейін қабылданады.
Кəсіпкерлік негіздері бойынша оқығандығы туралы сертификатты алған қатысушылар өздері жасағанг бизнес-жоспарларымен Стартап-жобалар байқауына қатыса алады.
Стартап-жоба байқауында жоғары балл алған тыңдаушы жеңімпаз болады. Ол жеке бизнес ашып, кәсіпкерлік қызметін басқару мен нəтижелі ұйымдастыру бойынша білімі мен дағды деңгейін жоғарлатуына бағытталған практикалық тапсырмаларымен онлайн/оффлайн оқуға бара алады. Сондай-ақ тәлімгерлік механизміне қатыса алады.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі 46А/1 үй мекен-жайына немесе 8 (716 2) 55 11 18, 55 11 19 (ішкі 3278 Меруерт) байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз.