Семинарда кәсіпкерлікті бастау және одан әрі қарай алып кету бойынша ақпарат алуға болады.
«Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Старт-ап жобаларға ауызша және тәжірибе жүзінде кеңес беріледі.
Оқу барысында бизнесті қалай ашуға болатынын біліп, құрған компания жұмысын оңтайландыру жайында мағлұмат аласыз. Сондай-ақ бизнес, маркетинг, бизнестің заңдық тетіктері, адам ресурстарын басқару және қаржыландыру бойынша білім аласыз.
Семинарға бизнес-идеясы бар, 18 жасқа толған жастар мен Алматы облысының кәсіпкерлері шақырылады.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7282) 55-87-10, 24-17-27, zhandos.nurgazinov@fund.kz, Aliya.nugmanova@fund.kz
«Даму» Қорының call-центр – қысқа нөмірі 1408