info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Кызылорде пройдет семинар «Кредиты по госпрограмме»

Анонсы
13.09.2017

Құрметті кәсіпкерлер! Егер сіздер шағын және орта бизнеске арналған несиелендіру бағдарламаларына қатысу шарттары бойынша толық ақпарат алғыларыңыз келсе, «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтетін семинарға келіңіздер!.

Семинар бөлімдері:

  • Қысқа мерзімде бизнеске қалай несие алуға болады?;
  • «ДАМУ-БЛИЦ» несиелендіру технологиясының ерекшеліктері;
  • Банк тарапынан несие рәсімдеу барысында кепілмүлік нысанына қоятын негізгі талаптар;
  • Несие алуға қажетті құжаттар тізбесі;
  • Несие алу үшін қажетті бизнес-жоспардың ерекшеліктері;
  • Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру;
  • «Даму» Қорының кепілдемесі кәсіпкерге қандай мүмкіндік береді?;
  • «Даму» Қорының ШОБ кәсіпорындарына арналған қаржылық құралдары;
  • Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қаржы агенттерінің қызметтері.

Өтетін мекен-жай: Қызылорда қ, И.Журба көшесі,12, КҚКО ғимараты,2 қабат, мәжіліс-залы.

Өтетін күні мен уақыты: 15.09.2017ж, басталуы сағ. 10.00-де.

Ақпарат телефондары: +7 7242 55 11 18, +7 7011511197.