info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Костанае пройдет День открытых дверей в Мобильном Центре Поддержке Предпринимательства

Анонсы
13.09.2017

Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2017 жылы 18 қыркүйекте Ашық есік күні өткізеді.


Акцияны өткізу барысында әрбір келген адам (әлеуетті, бастаушы, жұмыс істейтін кәсіпкерлер) үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы және қаржы емес қолдау құралдарын алу мүмкіндігі туралы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері туралы, банктерде қаржыландыру туралы тегін кеңес берілетін болады

Ашық есік күні 2017 жылы 18 қыркүйекте 09.00-18.00 аралығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің мобильді орталығында (арнайы жабдықталған автобус) өтеді. Ол әл-фараби даңғылы бойынша жолдың бөлігінде «Қазақтелеком» АҚ және «Қостанай облысы әкімдігінің мәдени басқармасы» ММ ғимараттардың арасында тұрады.

Анықтамалар үшін телефоны: 8 7142 990 305, 8-705-558-35-55