info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Таразе стартует прием заявок на получение государственных грантов

Анонсы
22.09.2017

Жамбыл облысының әкімшілігі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Оған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және жасы 50-ден асқан үміткерлер қатыса алады.

Үміткерлер Тараз қаласы мен аудандық кәсіпкерлік бөліміне келіп, өтінім үлгісін толтырып, байқау құжаттарын толық өзі немесе өкілі арқылы бере алады.

Грант алуға қажет құжаттар тізімі:

Байқауға қатысу туралы өтінім;

Заңды тұлғаның тіркеу туралы куәлігі, егер ЖК болса – ЖК тіреку туралы куәлігі;

Бюджеттік салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама;

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

Бизнес-жоба;

Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

Өкілге сенімхат;

Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзіңді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар.

Байқауға қатысу құжаттарының мерзімі: 2017 жылдың 2 қазанынан бастап 2017 ж. 13 қазаны аралығында, жұмыс күндері сағат 09:00 ден 17:30 дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2017 ж. 13 қазаны сағат 17.30 (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dppzhambyl.gov.kz сайтында танысуға болады.