Сіздерді 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша «Даму» Қорының кепілдендіруімен жылына 6% мөлшерлемемен жеңілдікті шарттары бар несие алуға шақырамыз.
Іс бастаушы және бизнесі бар кәсіпкерлерге кредиттер/микрокредитер беріледі.
Кредиттің/микрокредиттің сомасы 8000 АЕК(18 152 000 теңгеге) дейін.
Мақсаты : айналым қаражатын толықтыру, инвестициялау.
Кредиттің/микрокредиттің мерзімі: инвестицияларға 5 жылдан аспайды, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылдан аспайды.
Кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры кепілдік береді.
Егер сізді бұл ақпарат қызықтырса «Даму» Қорының өткізетін жеке консультацияларында күтеміз. Лисаковск қаласы 25 қазан сағат 11-00 Нұр Отан партиясының ғимараты (мкр.4, 37 ү.).