info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

31 октября в Кызылорде пройдет Региональный форум «KYZYLORDA FRANCH-2017»

Анонсы
27.10.2017

31 қазан күні Қызылорда қаласында «KYZYLORDA FRANCH-2017» аймақтық форумы (франчайзинг көрмесі) өтеді. Форум шағын және орта бизнесті дамыту үшін арналған.

Іс-шараның мақсаты: Франчайзингтік қатынастарды дамыту арқылы шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу. Отандық және шетелдік компаниялармен франчайзерлердің өзара тиімді серіктестігін құру. Отандық брендтер мен франчайзинг жүйелерін құру, нығайту және дамыту, франчайзинг саласындағы қатысушылардың тәжірибе алмасу және екінші деңгейлі банктер арқылы, даму институттары және басқа ұйымдар арқылы франчайзингті дамытудың ықтимал құралдарын анықтау.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 42, «Бастау» Бизнес орталығы.

Өткізілетін күні мен уақыты: 31 қазан, сағат 09.30-17.00 дейн.

Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 7242 401057, +77082441490.

Электрондық мекен-жай: 401057a@gmail.com.