21 декабря в Шымкенте пройдет пресс-тур по предприятиям-участникам «ДКБ 2020»

Анонсы
15.12.2016

ОҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Аймақтық филиалы Сіздерді Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорындар бойынша баспасөз-турына шақырады.

Баспасөз-саяхаты барысында Сіздер дамып келе жатқан бизнес-жобалармен танысасыздар:

– мемлекеттік субсидиялар нарықта бәсекелесуге және бағаны көтермеуге қалай көмектесіп жатқанын білесіздер;

– жүнді өңдеу бойынша зауыт қандай мәселелерге тап болып жатқанын көресіздер;

- «рабицы» торлары қалай өндірілетін көре аласыздар;

Сіздердің сұрақтарыңызға бизнесмендердің өздері жауап береді, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысында «Даму» Қоры кәсіпкерлерді қаржылай және қаржылай емес қолдауының нәтижелері туралы айтады.

Баспасөз-саяхатының бағдарламасына «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған келесі кәсіпорындар кіргізілді:

«Шымкент-Кашемир» ЖШС –жүнді алғашқы өңдеуден өткізу және жүн өнімдерін өңдеу бойынша бүгінгі таңдағы Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

«Шымкентмай» ЖШС – өсімдік майын өндіруші мемлекеттік бағдарламалардың қолдауының арқасында өндіріс өнімдерін бірнеше есеге ұлғайтты.

«Блок ЮКО» ЖШС - «рабицы» торларының өндірісі.

Өткізу күні: 21 желтоқсан 2016 жыл

09:00-09:15 – Жинау және тіркеу,

Welcome coffe

Шығу орны: ОҚО, Шымкент қ., Байтурсынов к-сі, 88 В ( «Ернияз»баспаханасы ғимаратының жанында), Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының Аймақтық филиалының кеңсесі

Құрметті мырзалар, сіздерден өздеріңіздің қатысатындықтарыңызды жақын арада расатауларыңызды сұранамыз!

Алдын-ала алғыс білдіреміз!

ОҚО бойынша «Даму» КДҚ» АҚ АФ бас менеджері

Майя Бердалиева

8/7252/29-11-48

+7-778-290-70-50

Ұйымдық қолдау:

Айдар Исаков,

тел.: +7 705 711 12 44