ЦОП в г. Шымкент приглашает на тематические дни открытых дверей

Анонсы
15.12.2016

20 желтоқсанында Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тақырыптық ашық есік күндері басталады. Ол: «Жастар күні» (сейсенбі), «Рұқсат беру құжаттары күні» (сәрсенбі), «Ауыл шаруашылық күні» (бейсенбі) күндерін қамтиды.

Тақырыптық ашық есік күндері аптасына үш рет әр апталық негізде өткізілетін болады:

Сонымен, Әр сейсенбі «Жастар күні»:

Сен өз бизнесің туралы армандайсың? «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында: Кез-келген бизнесте қалай идеялы көшбасшы болу керек екенін біл. Сіздерді табысты бизнесмендердің шеберлік сабақтары, бизнес-психологтардың коучтық бағдарламалары күтуде! Маркетологтың, заңгердің, бухгалтердің, бизнес-жоспарлаушының және ХҚКО-ның қызметтерін пайдалан! Мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін біл.

Күні: 20.12.2016 ж.; 27.12.2016 ж.

Басталуы: сағат 09.00. ден 13.30 дейін

Назарларыңызға, тек қана жеке басын куәландыратын құжатпен ғана кіруге болады.

Алдын-ала мына тел. бойынша тіркелуге болады: 8/7252/29-11-48, 8-702-105-90-15

Бағдарлама

Сейсенбі «Жастар күні»:

Уақыты

Атауы

Дәріс берушілердің АЖТ

09.00 – 10.00

«Көк мұхиттың стратегиясы» шеберлік сабағы, SMM-Маркетинг, қаржылық сауаттылық, бизнес-жоспар жасау, мемлекеттік бағдарламалар бойынша таныстырылымдар және т.б.

Құзыреттілікті арттырубағдарламалары бойынша бас менеджер – Бердалиева М.;

Бизнес-жоспар жасау бойынша кеңес беруші – Ашурова А.

10.00 – 11.00

Жеке таныстырылымдар және бизнес-идеяларды қаржыландыру үшін бағдарламаларды таңдау.

КҚКО-ның барлық кеңес берушілері

11.00 – 11.30

Жас табысты-бизнесмен кәсіпкермен, Гранттық қолдауға/Кепілдендіруге/субсидияға/ІБ және т.б. қатысушыларымен кездесу.

Шақырылған жас кәсіпкер, БЖК 2020 және/немесе «Даму» Қорының басқа Бағдарламаларына қатысушысы.

11.30 – 13.00

Бизнес-психологпен кездесу.

Кездесу ойын түрінде, топпен жұмыс және т.с.с. өткізіледі.

Шақырылған бизнес-психолог/коуч:

Жарқын болашақты жүргізу және құру;

Қалай әсерлі болуға болады;

Ынталандыру, Мақсатты тұжырымдау және мақсатқа жету.;

Күйзеліс-менеджменті

13.00 – 13.30

Қорытынды шығару, пікір-алмасу, сұрау жүргізу.

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ БЕРУ

Құзыреттілікті арттыру бағдарламалары бойынша менеджерлер