06 декабря в Шымкенте пройдет конкурс на лучшую идею стартап-проекта

Анонсы
02.12.2016

6 желтоқсан күні «Даму» Қорының Оңтүстік Қазақстан облысындағы аймақтық филиалы стартап жобаларды қолдау бағдарламасы бойынша оқудан өткен стартапшылардың үздік бизнес-идеясын анықтау бойынша байқау өткізеді.

Жеңімпаз 150,0 мың теңге көлемінде грантқа ие болады.

Жаңа бизнес бастамаларды қолдау Бағдарламасы «Даму» Қорымен перспективті бизнес-идеясы бар +18 жас шамасындағы іс бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін арнайы жасалған.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында іс бастаушы 25 жас кәсіпкердің бизнес-идеясы іріктелген. Олар бағдарламаға сәйкес Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының КҚКО-да оқу тренингінен өтті.

Оқу қорытындысы бойынша бастаушы кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын жасады және 8 стартапшы мен жобалық топтар алғашқы іріктеуден өтті.

Енді, мықтылар 150,0 мың теңге көлеміндегі бас жүлде - грантқа таласады.

Байқау демеушілері «Inter Press» ЖК және Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер Ассоциациясы алғыс айтамыз

Өткізу күні: 6 желтоқсан 2016 ж.;

Уақыты: с. 15.00-ден. с 17.00-ке дейін.

Мекен-жайымыз: Шымкент қ., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Иляев к-сі, 16 корпус («Шахан» дүкенінен соң), 2-қабат, мәжіліс зал;

Қосымша ақпарат мына тел. бойынша: 8/7252/28-32-90