В Астане началось обучение по проекту «Дистанционная поддержка развития предпринимательства»

Анонсы
16.11.2016

Жаңадан іс бастағысы келген немесе бизнесі бар кәсіпкерлер үшін қазір қолайлы мүмкіндік туып тұр. .Кез-келген уақытта Интернет желісіне қол жеткізу мүмкіндігі бар жерде тегін өз білімдерін толықтыру және жақсарту үшін «Даму» Қорының «Кәсіпкерлікті дамытуды қашықтықтан қолдау» жобасы жүзеге асырыла бастады.

http://edu.damu.kz/www/index.php сілтемесі бойынша өтіп және сайтта тіркеліп, сіз өзіңізге тиімді курсты таңдай аласыз. Оқу барысында студентке тапсырма беріп, оны тексеріп отыру үшін арнайы ұстаз бекітіледі. Курс аяқталғаннан кейін электронды сертификат беріледі.

«Кәсіпкерлікті дамытуды қашықтықтан қолдау» жобасы бойынша қосымша ақпарат алу үшін, Сіз Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз керек.

Мына мекен-жай бойынша күтеміз: Қажымұқан көшесі, 8А, 3 қабат, конференц зал. Қосымша ақпарат: 8 (7172) 559199, 559434 (ішкі тел. 3006) Хамзина Зәмзәгүл, (ішкі тел. 3046) Бермухамбетова Әсел.