2016 ж. 10-11 қарашада Астана қаласында (RIXOS Қонақ үйінде) Қазақстан Республикасымен ұйымдастырылатын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) V Бизнес-Форумы өтеді.
АӨСШК бизнес-форумының негізгі мақсаты азиялық аймақтың іскерлік орталарының арасындағы өзара әрекеттестікті және ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.
Екі күндік форумның шеңберінде ресми ашылу салтанаты, «АӨСШК мүше елдерінің шағын бизнес үшін қолайлы ортаны құру бойынша жетістіктері, оларды тарату келешегі» пленарлық отырысы, «KazFranch-2016» көрмесін ұйымдастыру, «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау – АӨСШК қатысушы-елдерінің тәжірибесі» Әйелдер кәсіпкерлігі форумын өткізу, панельдік талқылаулар, business-to-business кездесулері, секциялық отырыстар мен қазақстандық кәсіпорынды аралау қарастырылған. Іс-шара бағдарламасы туралы неғұрлым толық ақпаратпен сіз мұнда таныса аласыз (АӨСШК Бизнес-Форумының бағдарламасы (39.15 Kb)).
АӨСШК бизнес-форумына қонақ ретінде немесе форумның іскерлік күн тәртібінің шеңберінде өз жобаларының таныстыру рәсімімен сөз сөйлеу мүмкіндігімен қатысқысы келетіндерден +7 727 244 55 66, iш. 1908 и e-mail: T.Zhatkanbayev@fund.kz хабарласуды өтінеміз. Бизнес-форумға қатысу бойынша барлық шығындарды төлеу қатысушылардың өзімен жүзеге асырылады.
АӨСШК бизнес-форумына қатысушыларға ұсынылған әртүрлі категориялық қонақ ұйлердің тізімі бар болғанын қосымша хабарлаймыз.
Қонақ үйі |
БАҒАЛАР |
Қонақ үйідiн вэб-сайт |
|
Бір орындық стандарт |
Екі орындық стандарт |
||
Бәйтерек қонақ үйі** |
14 000 |
17 000 |
|
Жумбактас**** |
27 000 |
36 000 |
|
RIXOS President Astana**** |
51 000 |
66 300 |
Форум қонақтарына арналған арнайы баға |
Отель Duman Astana**** |
20 300 |
25 200 |
Форум қонақтарына арналған арнайы баға |
Сонымен қатар, алдын ала тіркеуді жүзеге асыруды өтінеміз, бұл үшін келесі сілтеме бойынша тіркеу нысанын толтыру қажет https://goo.gl/forms/Ntd3gZtz4SqN6yEA2.
Қазақстан Республикасына кіру визасын ұйымдастыру үшін, визаны рәсімдеуге арналған арнаулы анкетаны (For Visa Application Kazakhstan CICA Forum (10.7 Kb)) толтыруыңызды сұраймыз. T.Zhatkanbayev@fund.kz (Темірлан Жатқанбаев) электронды поштаға толтырылған арнаулы анкетаның жіберуіңізді сұраймыз.