2 қараша күні сағат 11:00-де Көкшетау қаласындағы КҚКО ғимаратында іс бастаушы және бизнесі бар кәсіпкерлерге Көкшетау қаласы бойынша «Мемлекеттік кірістер басқармасының» және екінші деңгейлі банк өкілдерінің қатысуымен семинар өтеді.
Семинар барысында салық төлеушілердің электронды шот-фактураларды іске асыру барысында қойылатын талаптар, және «Даму» Қорының менеджерлері екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен бірлесе «Даму Оптима» бағдарламасы жайлы айтып береді.
Семинар қатысушыларын Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46А/ 1 үй, 2 қабат, мәжіліс залы мекен–жайында күтеміз. Қатысушылардың тіркелуі сағат 10:30-да басталады. Байланыс телефондары: 8(7162) 55 11 18; 55 11 19.