В ЦОПе Фонда «Даму» в г. Шымкент стартуют тренинги для студентов

Анонсы
18.10.2016

Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының КҚКО-да студенттер үшін арнайы тренингтер басталады. Жоба 18-29 жас аралығындағы жоғары және арнайы оқу мекемелерінің студент жастарының кәсіпкерлік әлеуетін ашуға ықпал етуге бағытталған.

Тренинг Бағдарламасы жастарға өз бизнесіне идея таңдауға, идеяның «өміршеңдігіне» бағалау жүргізуге, бизнес құруға және дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар жасауға көмектесу мақсатымен жасалған. Тренингтер бағдарламасы үлкен көлемді интер белсенді тәжірибелік жаттығуларға, бизнес-кейстерге және іскерлік ойындарға толы.

Тренинг соңында қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасады, бизнесте ойлау қабілеті дамиды, мақсатқа жетуде өзіндік әсер ету дәрежесін ұғынады, өз бетінше бизнес-жоспар құруға дағдыланады.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Жобаны тиімді жүзеге асыру мақсатында «Даму» Қорының ОҚО бойынша АФ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ.), Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті (Түркістан қ.) және Мирас Университеті арасында (Шымкент қ.) өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Өткізу күні: 2016 жылдың қараша айының 14-мен 19 аралығында;

Біздің мекен-жайымыз: Шымкент қ., «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Рысқұлова к-сі, 8 А, «Наурыз» аялдамасы.

Басталуы: сағат 10.00.-ден 14.00-ге дейін.

Назарларыңызға, «Даму» Қорының КҚКО-ға өтініш бергендер ғана қатыса алады.

Қосымша ақпарат мына тел. бойынша: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57