Бағдарлама перспективті бизнес-идеялары бар 18 және одан жоғары жастағы іс бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін жасалған.
Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар үш күндік (24 сағаттық) тренинг-оқуларға қатысуға өтініш береді. Оқу соңында қатысушылар өз жобаларын жүзеге асыру мақсатында бизнес-жоспар дайындайды. Байқау комиссиясының анықтауымен ең үздік бизнес-жоба грант жеңіп алады.
Тренинг бағдарламасы болашақ кәсіпкерлерге өзінің бизнесі үшін идея таңдауға, идеяның «өміршеңдігін» бағалауға, бизнесті құрып, дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар жасауға көмектесу үшін жасалған. Тренингтер бағдарламасы интербелсенді тәжірибелік жаттығуларға, бизнес-кейстерге және іскерлік ойындарға толы.
Тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасып, бизнесте ойлауы дамиды, мақсатқа жетуге өзіндік әсер ету дәрежесі сезіледі, бизнес-жоспарды өз бетінше құруға дағдыланады.
Сонымен бірге, алдағы уақытта Тәлімгерлермен жұмыс істеу үшін және олардың жобаларын алдағы уақытта сүйемелдеуге қосымша 4 бизнес-жоспар іріктеліп алынады.
Өтініштер 2016 жылдың 25 қазан айына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Шымкент қ., «Даму» Қорының КҚКО, Рысқұлов к-сі 8 А, «Наурыз» аялдамасы;
Түркістан қ., «Даму» Қорының КҚКО, Қожанов к-сі 7.
Қосымша ақпарат мына тел. бойынша: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57