Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлерге арналған шеберлік-сабағы өтеді
Шеберлік-сабағының тақырыбы: «Көгілдір мұхит стратегиясы: идеядан іске асыруға дейін»
Сіз бизнестегі клиенттеріңіз үшін қалыптасқан тұрақты бәсекелестіктен шаршадыңыз.
Жаңа нарық құрып және ол жерде №1 компания болғыңыз келеді.
Олай болса «Көгілдір мұхит стратегиясы: идеядан іске асыруға дейін» шеберлік-сабағы сізге арналған.
Шеберлік-сабағы жұмысының барысында қатысушылар бір типті өнімдер көмегімен клиенттер үшін бәсекелесуді тоқтатуға мүмкіндік беретін және жаңа нарық құрып, ол жерде №1 компания атанатын көгілдір мұхиттар құрудың модельдерімен және құралдарымен танысады.
Бүгінде көгілдір мұхиттар құру моделі бүкіл әлемде қолданылады және өзін ұйымның стратегиялық дамуының тиімді құралы ретінде ұсынып үлгерді.
Күні: 21.09.2016 ж.;
Басталу уақыты: сағат 11.00;
Өтетін жері: Шымкент қ., «Даму» қорының КҚКО орталығы,Рысқұлов к-сі 8 А, «Наурыз» аялдамасы.
Шеберлік-сабағына қатысу үшін жеке куәлік қажет.
Мына телефондар арқылы алдын-ала тіркелуге болады: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57.