В ЦОПе г. Кокшетау пройдет круглый стол для организаций общественного питания

Анонсы
23.08.2016

25 тамыз күні сағат 15:00-де Көкшетау қаласының Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тамақтану ұйымдарына арналған дөңгелек үстел өтеді. Семинарды Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері ұйымдастырады.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдық тамақтану нысандарына санитарлық- эпидемиологиялық саламаттылығы бойынша нормативті-құқықтық актілері талаптарын сақтау ережелерін қарастырылады.

Сондай-ақ «Даму» Қорының менеджері «Даму Оптима» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы жайлы айтып береді. Ол бағдарламаға қоғамдық тамақтану саласында өз қызметтерін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер қатысуда.

Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46А/ 1 үй, 2 қабат, мәжіліс залы мекен-жайында күтеміз. Қатысушылардың тіркелуі сағат 14:30-да басталады. Байланыс телефондары: 8(7162) 55 11 18, 55 11 19.