11 августа 2016 года в ЦОП г.Костанай состоится семинар компании Smart Pay

Анонсы
08.08.2016

11 тамызда Қостанай қалалық Кәсіпкерлерді қолдау орталығында «Smart Pay» компаниясының семинары өтеді. Кәсіпкерлерге төлем терминалдарын міндетті түрде орнату керек екендігі ешкімге де құпия емес. Сол себепті «Даму» Қоры «Smart Pay» компаниясы өткізетін семинарға қатысудың қажеттігін еске салады.

Бұл компанияның таныстырылымы мен онлайн-семинары кәсіпкерлерге мобильді терминал арқылы өтетін төлем жүйесін үйренуге көмектеседі.

Мобильді терминал – бұл ең алдымен төлемдердің және компанияның айқындығы, сонымен қатар жаңашылдық!

Өтетін күні мен уақыты: 2016 жылдың 11 тамызында сағат 15:00.

Семинарға қатысу - тегін!

Сіздерді: Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы 65.705 кабинетте күтеміз. (Бизнес-орталықтың ғимараты).