«Даму» Қорының Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету Орталығында 11 тамыз күні кәсіпкерлер мен мекеме есепшілеріне арналған тегін семинар өтеді.
Семинар бағдарламасы:
Қазақстанда 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына «жеңілдетілген декларация» бойынша ЖК және ЖШС 910.00 формасымен есептілікті қалай толтырады?;
ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы №215 қаулысымен бекітілген ағымдағы «Әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың Ережесіне» енгізілген өзгерістер;
Салық органына байланысты туындайтын мәселелердің себебі не?;
910 формасын толтыру бойынша жаттығу сабағы.
Бизнес-тренер: Әлімбет Шолпан, аттестацияланған маман 1С:Профессионал.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі 12, КҚКО ғимараты, конференц-зал.
Өткізілетін күні мен уақыты: 11 тамыз, сағат 17:00.
Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8-(7242) 55 11 18, 8 702 121 94 83. Электрондық адрес: damu@list.ru.