Информация для предпринимателей Карагандинской области: открыт прием заявок на участие в конкурсе грантового финансирования в рамках программы «ДКБ 2020»

Анонсы
01.08.2016

Құрметті Қарағанды облысының кәсіпкерлері! Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға өтініш қабылдауын басталғанын хабарлайды.

Мемлекеттік гранттарды алу (жеке бизнесін құру үшін) байқауына ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар және жасы 50-ден асқан тұлғалар қатыса алады.

Үміткерлерге бекітілген нысандағы өтінімдер және конкурстық құжаттардың толық пакетін жеке өзі, пошта немесе өзінің өкілді тұлғасы арқылы тапсыру қажет.

Қатысу үшін құжаттар тізімі:

Гранттарды ұсыну бойынша іріктеуге қатысуға өтінім (нысан бойынша);

Заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі:

Салықтар, алымдар мен салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама (өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кеш емес);

Басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

Бизнес-жоспар;

Кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» немесе «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

Кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға бекіткен)

Заңды тұлғалар үшін жарғының көшірмесі (болған жағдайда)

Қызмет түріне лицензия көшірмесі (лицензияланатын қызмет түрімен айналысқан жағдайда);

Байқауды ұйымдастырушы: «Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасы» ММ. Орналасқан орны: 100008, Қарағанды қаласы, Алиханов көшесі, 13 үй, электрондық пошта: mb2@krg.gov.kz, байланыс телефоны +7 (7212) 42-50-69.

Өтінімдерді Қарағанды облысының шағын, моноқалалардың және аудан орталығының кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары қабылдайды.

Қарағанды қаласы бойынша өтінімдерді «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қабылдайды, пошталық мекен-жайы: 100008, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 үй, байланыс телефоны: +7 (7212) 42-15-05, 42-11-12, 41-06-21, электрондық пошта: guop_karaganda@mail.ru, 202, 225 кабинет.

Құжаттамаларды тапсыру мерзімі: 2016 жылдың 27 шілде айынан 15 тамыз айына дейін, жұмыс күндері сағат 10.00 – 17.00 (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді қабылдауды бастаудың күні мен уақыты: 2016 жылдың 27 шілде айы сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді қабылдауды аяқтаудың күні мен уақыты: 2016 жылдың 15 тамыз айы сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Мемлекеттік гранттарды беру Ережесінің 10 пунктіне сәйкес «Бизнес жобаның міндетті шарты болып жобаны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жеке мүлкімен бірлесіп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру табылады.