info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Кокшетау пройдет семинар «Время перемен»

Анонсы
08.02.2018


9 ақпан күні «Даму» қорының Ақмола облыстық аймақтық филиалында «Өзгерістер уақыты» атты семинар өтеді.
Жиында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына өзгерістер енуіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, «Даму – Оптима» және  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарламаларына енген өзгерістер жайлы түсінік беріледі.
Келушілерге есік ашық.
Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі 46/1, тел:8(7162)551118.