2016 жылдың басынан «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» атты жаңа жоба іске қосылды.
«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасының аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында Жобаға қатысуға студент жастардан бизнес-идеяларымен өтінімдерді жинау басталды.
Өтінімдерді іріктегеннен кейін қатысушылар жаттығу-семинарын 4 академиялық сағаттан 6 күнтізбелік күннің ішінде өте алады. Оқыту ЖОО-ның базасында өтетін болады. Жобаның қатысушылары оқыту кезеңінде өз бизнес-идеяларын қалыптастыру қажет.
Жаттығу-семинарын табысты кәсіпкерлер және практиканың мамандары кәсіпкерлік қызметтің тәжірибелері мен практикалық дағдыларымен бөлісетін болады.
Жобаның қатысушылары дайын бизнес-жобаларымен әрі қарай практикалық оқытуға өтінімдерін бере алады.
Өтінімді толтырып және нақты ақпаратты Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46А/1 үй мекен жайы бойынша немесе 8(7162)551118, 551119 байланыс телефоны арқылы ала аласыз.