Региональный филиал Фонда «Даму» по Кызылординской области объявляет о начале сбора заявок по проекту «Поддержка предпринимательских инициатив студенческой молодежи»

Анонсы
25.03.2016

Жоба кәсіпкерлік бастамасы бар 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың өз бизнесін ашуға және кәсіпкерлік әлеуетінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы аясында Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі жанынан құрылған бизнес-инкубатор базасында 6 күндік семинар-тренинг өтетін болады. Тренингті жүргізуге білікті бизнес-тренерлер мен табысты кәсіпкерлер тартылатын болады.

Әлеуетті қатысушылардан өтінім сәуір айының 10-жұлдызына дейін қабылданады.

Мақсатты топ: Қызықты бизнес-идеясы бар, 18 -29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары.

Орын шектеулі! Өтінім беріп үлгеріңіздер!

Толық ақпарат алу үшін және өтінім беру үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз. Мекен - жайы: Қызылорда қ, Журба к, 12, байланыс телефоны: 8(7242) 55-11-18.