30 марта в ЦОПе Кокшетау пройдет семинар «От идеи до бизнеса»

Анонсы
29.03.2016

Көкшетау қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2016 жылдың 30 наурызында сағат 15:00-де қаладағы ЖОО мен колледж студенттеріне арналған семинар өтеді. Семинар аясында жаңа бизнес-жоба дайындау мен табысты жүргізудің қыр-сырлары қарастырылатын болады. Онда тыңдаушылар бизнес негіздерін, бизнестің заңды нысанын қалай таңдау керек, қандай қорлар қажет, салық салу тәртібін қолдану жағдайларын қалай дұрыс таңдау керек деген сұрақтарға жауап алады.

Семинардың қатысушыларына кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары, гранттық қаржыландыру, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай Бағдарламасы бойынша қаржыландыру үшін ЕДБ-ге құжаттарды жинау шаруалары туралы мәлімет беріледі.

Шеберлік сабақтарында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушысы, жас кәсіпкер қатысып, жастардың алдында өзінің тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің өкілі сөз сөйлейді.

Семинар Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46А/1 үй, мәжіліс-залында өтеді. Барлық сұрақтар бойынша 8(7162)551118; 551119 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.