info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Бизнес-фитнес! Прокачай свое дело!» с @Инна Камалова

Анонсы
20.02.2018

Достар, біз «Бизнес-фитнес» жобасы аясындағы жаттығуларымызды жалғастырамыз. Бұл курстың пайдасын Қазақстан қалаларындағы талай стартапшы көрді.

21 ақпан күні «Даму» Қорының Астана қалалық филиалында өтетін Инна Камаловамен кездесуге келіңіздер. Кәнігі бизнесмен «Бизнесті кризис кезінде қалай дамытуға болады – нақты 7 қадам» атты тақырыпта тәлім береді.

Инна Камалова – http://akademorto.kz «Ортопедия академиясының»  негізін қалаушы, басшысы. Ортопедия академиясы ортопедиялық  кемістіктерге және осы саладағы медициналық тауарлар сатуға маманданған қазақстандық компания Қазақстан мен Ресей нарығында өздерін мойындатқанына 9 жыл болды.

Бұл академияда ортопедиялық ауруларды емдеу, алдын алу, емдеу әдістері бойынша кәсіби ақпаратқа қанығып, тегін кеңес алуға болады. Сонымен қатар, сізге сапасы жоғары ортопедиялық өнімдерді де ұсынады.

Қазір Ортопедия академиясы қатарында ортопед, травматолог, невропатолог, реабилитолог, хирург, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер мен жоғары санатты массажист, физиомедбике, ЕДШ инструкторлары, түрлі кәсіби білімі мен білігі бар мамандар бар.

Сіз дәріс оқушыға өзіңізді толғандырған кез-келген сұрақты қоя аласыз.

Өтетін күн: 21 ақпан, 14:00.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 8А, 3 қабат, конференц-зал.

Zamzagul.Khamzina@fund.kz немесе 559199, 559434, +7 701 1285361 (WhatsApp) телефондары бойынша тіркелу керек