info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Костанайской области объявлен конкурс на получение государственных грантов

Анонсы
03.04.2018

Қостанай облысының әкімшілігі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға өтінім қабылдауды бастағанын хабарлайды. Оған жаңадан іс бастаған жас бизнесмендер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және жасы 50-ден асқан адамдар қатыса алады. Үміткерлер аудандық кәсіпкерлік бөліміне бекітілген үлгідегі өтінімді және байқау құжаттарын толық өткізу керек. Байқауға құжат өткізу мерзімі: 2018 жылдың 9 сәуірінен сағат 10:00-ден, 20 сәуірге сағат 13:00 дейін. Хабарландыруды мына сайттан көре аласыздар: www.upp.kostanay.gov.kz.