info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

ЦОП-е Петропавловска состоится Деловая игра «Начни свой бизнес» для активной молодежи

Анонсы
30.05.2018

30 мамырда «Даму» қорының Солтүстік Қазақстан облыстық Қызмет көрсету орталығында болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған «Өз бизнесіңді баста» атты бизнес-ойын өткізіледі. Іс-шара мақсаты: Жаңа іс бастаған және бизнеспен айналыссам деген ынтасы бар жастарға бизнес құру, білім мен біліктілікті арттыру, табысты кәсіпкерлік ісін жүргізу бойынша ойын түрінде мағлұмат беріледі. Іскерлік ойынға қатысушылар • өзін нақты кәсіпкер ретінде сезініп; • жоспарлау, бизнес-процестерді ұйымдастыру, командалық жұмыс, шешім қабылдау сияқты іс-шаралардың маңыздылығын түсініп; • «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан бизнес жүргізудің әр түрлі аспектілері бойынша жеке консультация ала алады. Жас және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді бизнес ашу, дамыту және жетілдіру барысындағы тиімді құралдар туралы ақпарат алуға шақырамыз. Семинардың ұзақтығы - 1,5 сағат. Форматы - іскерлік ойындар, сұрақ-жауап, жеке консалтингтік қолдау. Мекен-жайы: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191, бірінші қабат, «Даму» қорының ХҚКО ғимаратында. Семинар 11-00-ден 12-30 сағатқа дейін өтеді. Назар аударыңыздар, тіркелу үшін bm.ppv@mail.ru электрондық пошталарына сұранымдарыңыздарды жіберіңіздер. Немесе 8 (7152) 55-98-10 нөміріне телефон соғуға болады. Байланыс телефондары: 8-701-432-20-46