В Жамбылской области начался прием заявок на проекты «Поддержка предпринимательской инициативы студенческой молодежи» и «Поддержка открытия нового бизнес»

Анонсы
16.05.2016

19–25 мамыр аралығында Жамбыл облысы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен бірлесе, «Студенттік жастар арасында кәсіпкерлік бастаманы қолдау» және «Ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерді оқыту» жобасы бойыша семинар өтеді.

Оқу барысындағы білім мен тәжірибе ісін жаңадан бастайтын азаматтар мен студенттерге кәсіби жобаның (бастамашылық, жоспарлау, іске асыру, аяқтау) барлық кезеңдерін жүзеге асыруға және жоба мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Болашақ кәсіпкердің өз бизнесі мысалында бірқатар тәжірибелік тапсырмалар мен жаттығулар жүргізіледі. Ол алған тәжірибені бірден бекітуге мүмкіндік береді.

Шараға Жамбыл облысының және Тараз қаласының ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерін шақырамыз.

Өту мерзімі: 19-25 мамыр

Өту уақыты: 14.00 – 18.00

Толығырақ ақпарат алу үшін, мына нөмірлерге хабарласыңыздар:

Мекен жай: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, ТарМУ-дің технологиялық корпусы, аудитория 2.1.303, 3-ші қабат.

8/7262/999-470, 8/7262/999-472.