20 мая в Кызылординском Центре обслуживания предпринимателей Фонда Даму пройдет семинар-тренинг «Успешный старт!»

Анонсы
17.05.2016

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы барлық іс бастаушы кәсіпкерлерді «Сәтті Қадам» атты тегін семинарға қатысуға шақырады. Егер Сіз өз бизнесіңізді ашуды жоспарлап жүрсеңіз, бірақ қандай қадам жасап, неден бастау керектігін білмесеңіз, бізбен бірге оқудан өтіңіз! Бизнес-тренерлер Сіздерге идея таңдауға көмектесіп, аз қаражатпен бизнес бастау жолдарын көрсетеді. Семинарда бизнестің «Тәуекелшіл модель» және «Ғұмырлы модель» бағыттарының айырмашылықтарын білетін боласыздар.

Семинар бағдарламасы:

  • Кәсіпкерлік негіздері

  • Кәсіпкерлік психологиясы

  • Бизнес идеяны таңдау

  • Маркетинг – нарықты зерттеу

  • Бизнес-жоспардың құрылымы

  • Кәсіпкерліктің заңды аспектілері

  • Бастауыш кәсіпкерлерге арналған бухгалтерия негіздері.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі 12, КҚКО ғимараты, мәжіліс-зал.

Өткізілетін күні мен уақыты: 20 мамыр, басталуы сағат 10:00.

Толық ақпарат үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8-(7242) 55 11 18. Электрондық адрес: damu@list.ru.