Құрметті, Қостанай облысының кәсіпкерлері!
«Даму» Қорының Қостанай облысы филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасына сұраным қабылдауды жалғастыруда.
«ШОБ топ-менеджментіне оқыту» жобасының мақсаты – табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізу, кәсіпорынды тиімді басқару әдістерін дамыту және шетелдік оқыту орталықтарын тарту арқылы стратегиялық және тактикалық бизнес-мәселелерді шешу.
Жобаға шағын және орта бизнестің жоғары және орта буынындағы кәсіпорындардың «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының 1-қосымшасына сәйкес, қызметтерін экономиканың басым секторлары бойынша жүзеге асыратын жетекшілері қатыса алады.
Осы Жоба шеңберінде топтарда 3 күндік бизнес-курстары жүргізіледі. Оқыту «Назарбаев Университет» АҚБ базасында өтеді. Үлестірме материалдары, бизнес-кейстер сияқты ақпараттық материалдар бизнесті жүргізудің нақты қазақстандық тәжірибесінен алынған.
«Назарбаев Университет» АҚБ оқудан өткен кәсіпкерлер шетелде өтетін (Германия) тақырыптық бизнес-тәжірибеден өтуге, сонымен қатар, «Іскер байланыстар» жобасы шеңберінде шетелдік әріптестермен іскер байланыстарды орнатуға қатыса алады.
Бизнес-тренингтер және тәжірибеден өту үшін ақысыз.
Орындар саны шектеулі. Қатысуға асығыңыздар!
Қатысу үшін тапсырыстар және басқа құжаттар «Даму» Қорының аймақтық филиалы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады. Мекен жайы: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 65, анықтама телефондары – (87142) 990 300, 54 15 83.