Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы бұған дейін жасалған Келісім шеңберінде баспасөз мәжілісі өтті. Іс-шара аясында министрлік осы Келісім бойынша төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыруға кіріскен кәсіпкерлерге «жасыл» сертификаттар тапсырды.
Баспасөз мәжілісіне «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының үйлестірушісі Виктория Байгазина, ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері мен БҰҰДБ сарапшылары мен менеджерлері қатысты
«Төмен көмертекті дамуға арналған тұрақты қалалар» секілді өзекті жобаларды жүзеге асыру - үлкен және шағын қалалардағы тұрақтылықты сақтап, энерготиімді қала инфрақұрылымына инвестиция тартып қана қоймай, Қазақстанның ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша міндеттерді орындап, «жасыл» экономикаға өтуіне де ықпал етеді», - деді Т. Нұрашев.
«Қала шаруашылығы саласында энергоүнемдеу бағытында еңбек ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беру арқылы қолдау көрсетіледі. Яғни инвестиция тарту арқылы булы газ тарауын азайтуға сеп болады. Бұл жоба тек бизнестің дамуына қолдау көрсетіп қана қоймай, қоғам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құнды үлес қосады», - деді Д. Әбілқайыров.
В. Байгазинаның айтуынша, «Энергия үнемдейтін жобалар секторында мол өндірістік тәжірибесі бар мамандарды, сондай-ақ қажетті процестерді сынақтан өткізу және құру және сауатты ұйымдастыру үшін қажетті ресурстарды тарту энергияны тұтынуды азайтады және булы газдар тарауын қысқартады. Яғни, осындай жобаларды іске асырудың негізгі мақсаты болып саналады».
2018 жылдың бірінші тоқсаны соңында Астана және Солтүстік Қазақстан облыстарының ғимараттарында энергия тұтынуды азайтуға бағытталған алғашқы алты жоба мақұлданды.
Жобалардың бірі - «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының жарықтандыру жүйесін жаңғырту және пайдалану» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы. Оның аясында министрлік ғимаратының жарықтандыруын жаңғырту жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, төмен көміртекті қалалық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау механизмі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы/«Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жаһандық экологиялық қорының халықаралық жобасы шеңберінде әзірленді.