menu
Жабу

Мәртөкте «Астана» атты балмұздақ шыға бастады

Жаңалықтар
23.07.2018

«Айс плюс» ЖШС жаңа цехының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының астана күніне арналған «Астана» балмұздағының тұсауын кесті. «Айс плюс» - өндірісін ұлғайтып, тауарларының түрін көбейтуге мүмкіндігі мол компания. Бұл мақсатына қол жеткізуде мемлекет қолдау көрсетіп келеді.

Компанияның кезекті жетістігінің бірі - италиядан әкелінген, күніне 20 тоннаға дейін балмұздақ шығаруға мүмкіндігі бар өндірістік желінің іске қосылуы. Өнім түрлері қырыққа дейін көбейді. Бұған дейін компания 9 түрлі ғана балмұздақ шығарып келген. Күніне 2 тоннаға дейін өнім шығарып жүрген компания, жаңа желі іске қосылған соң көрсеткішті күніне 20 тоннаға дейін жеткізетін болды.

Жаңа кәсіпорынды іске қосқан «Айс плюс» елуге жуық жаңа жұмыс орнын ашты.

Ақтөбе қонақтары мен тұрғындары енді тәтті йогурт, шербет, фисташки және де карамель, ирис, жеміс-жидектер мен арахис қосылған балмұздақтардың дәмін тата алады. «Астана» мерейтойлы балмұздағының құрамына карамель және күтірлек ирис қосылған, әр ыдыстағы тағам 500 грамм көлемінде. «Астана» мерейтойлы балмұздағын қаламыздағы барлық супермаркеттер мен дүкендердің сөрелерінен сатып алуға болады.

Жаңа цехты қосу «Даму Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Даму» Қорының кепілдемесін пайдаланудың арқасында мүмкін болды.

Жобаның жалпы құны 1,1 млрд теңгені құраса, оның 935 млн теңгесі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бөлінді. Жоба бойынша «Айс плюс» ЖШС ескі цех ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, 100 тоннаға арналған заманауи қойма тұрғызды және де тоңазытқышты камералары бар тауарды таратуға арналған арнайы автокөліктер сатып алды.