Той жасамайтын адам кем-де кем. Ал оны қайда жасаймын деп бас қатыру – барша той иелерінің басынан өткен жайт. Әсіресе шақырылатын қонақтар саны тым көп болса шарқ ұрмау мүмкін емес. Жанаөзендіктер үшін енді осындай мәселе туындаса бас сұғатын жаңа орын ашылды.
2014 жылы кәсіпкер Аян Салихова салтанатты кештер өткізуге ыңғайлы мейрамхана құрылысын жүргізуді ойлап, өз қаржысына Жаңаөзен қаласынан жер телімін сатып алған. Алайда құрылыс пен құрал-жабдыққа ақшасы жетіңкіремей, Аян Кеңесқызы банкке баруға бел буды. Осылайша жоба «Қазақстан халық банкі» арқылы қаржыландырылып, жылына 15,5% пайызбен 7 жылға 18 млн теңге берілді.
Клиент «Даму» Қорының Жаңаөзендегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту» бағдарламасына несиені субсидиялау саласы бойынша қатысуға өтініш берді. Соның арқасында банк несиесін қазір 5,5 пайызбен ғана төлеп жатыр. Қалған 10 пайызын мемлекет өтеп береді.
«Жан&Го» мейрамханасының жалпы аумағы 1071,5 ш.м, негізгі зал аумағы 524,3 ш.м құрайды. 400 адам сыяды. Шағын залға (173,7 ш.м) 50 адамға дейін сыяды. Мейрамханада барлық құрал-жабдықтар бар. Әрі, үш ықшам ауданның түйіскен жерінде яғни, бизнеске қолайлы жерде орналасқан.