4 тоқсанда «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында субсидиялау бойынша 2 340 млн теңгелік 35 жобаға қол қойылды. Кепілдендіру бағыты бойынша 237,9 млн теңгелік 21 жоба мақұлданды және 223 млн теңгеге 17 кепілдендіру шартына қол қойылды.
Даму-Оптима бағдарламасы аясында 2016 жылдың 4 тоқсанында 17,9 млн теңгенің 5 жобасы мақұлданды. 1,5 млн теңге сомасына 2 кепілдендіру шарты жасалды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 1 000 астам кеңес беру қызметі көрсетілді. Оқығаны жайлы сертификат алғанға дейін 31 қатысушыға қашықтықтан оқу бойынша қолдау көрсетіліп, кепілдендіру бойынша 10 жоба ЕДБ мақұлдауына дейін сүйемелденді.
Әлеуетті кәсіпкерлерге арналған «Жаңа бизнес ашуды қолдау» оқыту жобасының аясында 21 адам оқытылды және «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» оқыту жобасының аясында 29 адам оқытылды.
«Даму-Көмек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі үш кәсіпкерге өз ісін дамытуға және ұйымдастыруға көмек көрсетілді.