menu
Жабу

Солтүстік Қазақстанда балықты қайта өңдеу жобасы іске асырылды

Жаңалықтар
26.01.2017

Солтүстік Қазақстанда «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында балық өнімдерін қайта өңдейтін «Ақсерке Голд» цехы ашылды.

Ақсерке тұқымдас балықтарды кез-келген сөреден кездестіре бермейміз. «Ақсерке Голд» ЖШС өз тұтынушыларына осы жеңсік дәмді ұсынады

Банктен несие алу барысында мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана алатындығы туралы «Ақсерке Голд» ЖШС «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығында білді. Нәтижесінде, Цеснабанк арқылы рәсімделген 11 пайыздық несиенің бар болғаны 1%-ын ғана төлеп отыр. «БЖК 2020» бағдарламасы аясында жеңілдікпен алынған қаржыға Ресейден балық цехына жаңа тоңазытқыш жабдықтарын сатып алды. Тоңазытқыш сандықтардың қажеттілігі туралы айтудың өзі артық. Себебі балық тез бұзылатын өнім. Бүгінде цехта аздап тұздалған, ыстық және суық ысталған балықтар мен жартылай фабрикаттар, стейк, балық фаршы және тағы басқа да өнімдер дайындалады.

2016 жылы балық өндірісін жолға қою үшін біз жылына 11 пайызбен 8 млн теңге несие алдық. Оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Өзіміз 1 пайызын ғана төлейміз. Біз «Даму» Қорына және Цеснабанкке ризамыз. Біз бұл қаржыға жабдық, шикізат алдық,- дейді «Ақсерке Голд» ЖШС директорының өндіріс бойынша орынбасары Людмила Волкова.

Мұнда негізінен қазақстандық шикізат пайдаланылады. Бекіре тұқымдас балықтар Ақтау мен Атыраудан жеткізіледі. Көксерке мен сазан Балқаштан, тұқы секілді басқа балық ттүрлері жергілікті көлдерден жеткізіледі. Бүгінгі күні дүкен желілерінен «Ақсерке Голд» өндірген өнімдердің 500-ден астам түрлерін көруге болады.