«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде 2016 жылы Маңғыстау облысында субсидиялау құралы бойынша жалпы несие сомасы 6,8 млрд теңгені құрайтын 127 жобаны қолдады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 135 пайызға артып отыр, яғни өз кезегінде 657 млн теңгеге субсидия төленді. Қолдаған жобалардың 75 пайыздан, астамы облыстың аудандары мен Жаңаөзен моноқаласында жүзеге асырылуда.
Кепілдік беру құралы бойынша 2016 жылы, өңірде жалпы несие сомасы 2 млрд теңгені құрайтын 56 жобаға кепілдік берілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 65 пайызға артып отыр. Берілген кепілдіктердің сомасы 770 млн теңгені құрады.
Кепілдіктердің ең көп саны Жаңаөзен қаласы бойынша жүзеге асырылған жобаларға берілген болатын (жобалардың жалпы санынан 48 пайызға артып отыр).
Туризм саласындағы кәсіпкерлерді аймақтық қаржыландыру бағдарламасы «Саяхат»
2016 жылдың қаңтарында, Маңғыстау облысының әкімшілігі мен «Даму» Қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, осыған сәйкес бағдарламаны бірлесіп іске асыру үшін 900 млн теңге бөлінді, яғни жергілікті бюджеттен 300 млн теңге, ал «Даму» Қорының өз қаражаты есебінен 600 млн теңге бөліп отыр.
Бағдарламаны жүзеге асыруға «Қазақстан Халық Банкі», «ЦентрКредит Банкі», «РБК Банкі», «Астана Банкі» қатысуда.
Қаржыландыру шарттары: туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады, кредиттің ең жоғары сомасы – 180 млн. теңге, сыйақы мөлшерлемесі – 7,8 % құрайды.
Бөлінген қаражат 01 ақпан 2017 жылдың жағдайы бойынша, толық көлемде игеріліп ШОБ субъектілерінің 12 жобаласы қаржыландырылды.
Сонымен қатар, «Даму» Қоры бірқатар бағдарламаларды көздейтін кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты оқыту, сондай – ақ ақпараттық – консультациялық қолдау көрсетуді жүзеге асыруда.
2016 жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 5 000 кеңестік қызметтерді 3 492 әлеуетті және қолданыстағы кәсіпкерлерге қызметтерін көрсеті.
Мобильді қолдау көрсету орталығы жұмыс барысында 52 іс – сапарын облыс аудандарында жүзеге асырып, 1 499 консультациялық қызметтерін 723 ауыл кәсіпкерлеріне көрсетті.
ЕДБ-тен несие алу үшін бірлескен құжаттар жинау бойынша 77 кәсіпкерге көмек көрсетілді, 37 бизнес-жоспар әзірленді.
Кәсіпкерлік негіздері бойынша 199 адам оқытылды, оның ішінде:
Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бағдарламасы шеңберінде 4 тренинг өткізіліп, Маңғыстау туризм колледжінің 95 студенті оқытылды.
«Жаңа бизнесті ашуды қолдау» бағдарламасы шеңберінде 4 тренинг өткізіліп, 104 адам оқытылды.
«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» жоба бойынша 14 кәсіпорын басшылары ШОК «Назарбаев Университеті» бизнес мектеп базасында оқытудан өтті.
«Даму-Көмек» және «Жұлдыздарға қара» жобалары аясында 19 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді.