Атырау облысында «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері, субсидиялау бойынша барлығы 51,05 млрд теңге көлемінде 348 жоба мемлекетік қолдауға ие болды.
2016 жылы барлығы 12,1 млрд теңге құрайтын 112 субсидиялау шартына қол қойылды. Оның ішінде ауылды жерлерде 41 жоба бар. Ол барлық жобалардың 37% құрайды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Атырау қаласында субсидиялауда мына банктер белсенді болып келеді: шарт жасау бойынша «Қазақстан халық банкі», «Банк Центр Кредит», «Ресей Жинақ Банкі» ЕБ; несие сомасы бойынша «Астан Банкі», «Қазақстан халық банкі», «Qazkom».
Қаржыландырылған жобалардың арасында өңдеу өнеркәсібі (33%), тасымалдау және қоймаға сақтау (27%), қонақ жай және қоғамдық тамақтану қызметі (16%), басқа да қызмет түрлері (12%).
Кепілдендіру құралы аясында «Даму» Қоры 4,715 млрд теңге құрайтын 189 жобаны мақұлдады және 164 кепілдендіру шартына қол қойылды. Оның ішінде 2016 жылы несие сомасы 1 636 млн теңгені құрайтын 73 жоба мақұлданды. Кепілдендіру сомасы 769 млн теңгені құрайды. Оның ішінде ауыл-аймақтарда 31 жоба мақұлданды. Ол барлық жобалардың 43% құрайды.
2016 жылы Атырау облысында кепілдендіру құралдарын жүзеге асыруда Екінші деңгейлі 9 банк атсалысты. Оның ішінде белсенділері: «Қазақстан халық банкі», «Банк Центр Кредит», «Ресей Жинақ Банкі» ЕБ.
Қаржыландырылған жобалардың арасында кепілдендіру бойынша өңдеу өнеркәсібі (15%), тасу және сақтау бөлімінде (23%), денсаулық сақтау(12%).
Сонымен қатар Облыстық әкімшілікпен белсенді жұмыс атқарылып жатқанын атап өткім келеді. Оның қорытындысы алдыңғы жылы іске асырылған «Алтын кеме» аймақтық бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарламаны іске асыруда Даму Қоры 250 млн теңге және облыстық әкімшілік 250 млн теңге бөлді.
Аталған жоба бойынша Банк – серіктестермен (Халық Банкі, Банк Центр Кредит, Qazkom, Asia Credit Bank) 450,5 млн теңгені құрайтын 19 жоба мақұлданды. Оның ішінде ауыл – аймақтар бойынша 9 жоба мақұлданды. Ол барлық қол қойылған жобалардың 47 % құрайды.
Жоғарыда атап өтілген бағдарламалардан басқа Даму Қоры Екінші Деңгейлі банктер арқылы қаржыларды шартталған негізде орналастыру бағдарламасын іске асырып келеді. Аталған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 52,035 млрд. теңгені құрайтын 905 кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар «Даму» Қоры кәсіпкерлерді Қаржылай емес қолдау бағдарламаларын жүзеге асырады.
Осы мақсатта «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы бойынша «Назарбаев Университетінде» облыстың 17 кәсіпкері оқудан өтті.
Жыл бойы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 3331 кәсіпкерге 6253 қызмет түрлері көрсетілді. Екінші деңгейлі банктереден несие алуға 79 бизнес – жоспар жасақталынды. Қызмет түрлері бухгалтерия, юриспруденция, маркетинг және мемлкеттік бағдарламалар бойынша көрсетілді.
2016 жылы Кәсіпкерлерді қолдау мобильді орталығының кеңесшісі Атырау облысының 30 ауданына барып, 910 адамға 1595 қызмет түрлерін көрсетті.
Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі 466 адамға 1287 қызмет түрлерін көрсетті. (Оның ішінде көпшілігі мекен – жай туралы ақпарат, зейнетақы қорынан үзінді көшірме т.с.с.)
«Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру шеңберінде 3 трениг өткізіліп, 81 адам оқытылды. Оның ішінде екі адам өз кәсіпкерлігін ашып мемлекеттік қолдауға ие болды.
«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасын іске асыру аясында, Атырау аймақтық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ Атырау мемлекеттік университеті, Атырау Мұнай және Газ Институты және «Atyrau Petrotecnic» жоғары мемктебімен өзара қызметтесу және өзара түсіністік меморандумына қол қойды. 2016 жылы бағдарлама аясында 91 студент оқытылды. Бағдарлама шеңберінде «Жобалау менеджменті – Стартаперлердің жетілуін басқарудың құралы» атты Екінші деңгейлі банктердің және Атырау облысының алдыңғы қатарлы кәсіпкерлерінің қатысуымен үздік Стараперлер конкурсы өткізілді.
Сонымен қатар 2016 жылыдың 4 - ші тоқсанында 32 кәсіпкер оқытылды.
«Даму – Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 8 кәсіпкер споносорлық көмекке ие болды.
«Жұлдыздарға Қара» жобасының шеңберінде мүмкіндігі шектеулі 3 кәсіпкер грант ұсынылды.