menu
Жабу

«Дағдарысқа қарсы: қиын жағдайға қарамастан қалай өсіп, дамуға болады» деген тақырыпта тренинг өтті

Жаңалықтар
04.05.2016

Өткен аптада «Даму» Қоры «IPCG» ЖШС тренинг-консалтингтік орталығымен бірігіп «Дағдарысқа қарсы: қиын жағдайға қарамастан қалай өсіп, дамуға болады» деген тақырыпта тренинг өткізді. Онда нақты салаға арналған тәжірибелік әдістер мен технологиялар туралы сөз болды.

Авторлық тренингтің мақсаты экономикалық қиын кезеңде компания иелеріне қандай жолмен даму дұрыстығын көрсету, сондай-ақ дағдарыс кезінде бизнесті тиімді басқару әдістерін үйретіп, нақты әрекеттер жайлы да ақпарат беру болатын.

Тренинг барысында коуч Дмитрий Архипов нарықтағы жағдаймен ой бөлісті. Қатысушылар болашақты болжау, құндылықтар, мақсат қою мен даму стратегиясы негізінде жемісті бизнес құру жолдарын талқылады. Өзара сенім мен сыйластық арқылы компания жетістігінің жолдары да сарапқа салынды. Мұнымен қатар, замауаи басқару технологиялары туралы да тарқатылып айтылды.

Дмитрий Архипов компанияның өмірлік тынысы негізінде қалай даму мүмкіндігі туралы, әр кезеңдегі қателіктер мен шешімдер жайлы да айтып берді.

Жиын соңында қызметкерлермен қатырм-қатынасты қалай сауатты құру жөнінде әңгіме болды. Жиналғандар мамандарды іріктеу, жалдау, ұжымға қалыптастыру әдістерін талқылады. Сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру технологиясы мен оларды дамыту, іске молынан тартып, тиімділігін арттыру, ұжымда жауынгерлік рух қалыптастыру әдістері туралы да айтылды.