13-16 маусым айында Қарағанды қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының базасында студент жастар үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Кәсіпкерлікті құзыреттілікті арттырудың Бірыңғай бағдарламасы аясында «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы бойынша семинар тренинг өткізілді.
4 күн ішінде жобаның 30 қатысушы студент жастар бизнес-тренер, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Туткушова Жаннаның бастамасымен бизнесті жүргізудің дағдылары бойынша оқудан өтті.
Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының 18-ден 29 жас аралығындағы студент жастардың өзінің бизнесін құру және дамыту үшін қажетті кәсіпкерлік және жеке құзыреттілігін қалыптастыру арқылы кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған. Жобаның негізгі міндеті студент жастардың бизнес бастамаларын кеңейту, студенттердің кәсіпкерлік құзыретін қалыптастыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру болып табылады.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.