17 қараша күні «Даму» Қорының Петропавлдағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында «Өз бизнесіңді жетілдір» атты кәсіпкер әйелдерге арналған шеберлік сабағы өтті
Шеберлік сабағы аясында тыңдаушылар кәсіпкерліктің заңдық аспектілері, бизнес-жоспарлау, қаржыландыру көздері және екінші деңгейлі банктердің несие беру кезінде өзара іс-қимылы жөнінде мағлұмат алды.
Сондай-ақ, тыңдаушыларға «Бизнестің Жол картасы-2020», «Даму-Оптима» бағдарламаларының шарттары түсіндіріліп, «Даму» Қорының «Қашықтан қолдау көрсету» жобасы таныстырылды.
Мұнымен қатар тыңдаушылар «Даму» Қоры КҚКО жанында бизнес-жобалар бойынша консультациялық-тәжірибелік сүйемелдеу алу мүмкіндігіне ие болды. Ол бойынша бизнес-жоспар дайындауға және Қор жүзеге асыратын бағдарламаларға қатысу үшін құжат жинауға және ШБС ретінде тіркелуге көмек көрсетіледі.
Семинарға қатысушылар негізінен осы жылы қолға алынған «Кәсіпкерлерді қашықтықтан оқыту» жобасы бойынша қызығушылық білдірді.