menu
Жабу

Оңтүстік қазақстандық 38 кәсіпкер Назарбаев Университетте оқып қайтты

Жаңалықтар
13.06.2017

Осы жылы «Назарбаев университеті» ДБҰ жанында бизнесті басқарудың жаңа модельдерін оңтүстік қазақстандық 38 кәсіпкер оқыды. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі саласынан 19, ауыл шаруашылығы саласынан 5 және тасымалдау мен қоймада сақтау саласынан 4 кәсіпкер болды. Ал ІТ саласынан бір, денсаулық сақтау саласынан бір өкіл қатысты.

«Алем БТ» ЖШС директоры Аслан Ибадуллаевтың айтуынша бұл оқу - алдыңғы қатарлы шетелдік ЖОО және кәсіпорындардың өкілдері бар, білікті мамандардан құнды білім алудың тегін мүмкіндігі. Және ең бастысы бұл қолжетімділігінде. Кез-келген ниет білдіруші өтініш қабылдау барысында «Даму» Қорына келіп, осындай жобалардың қатысушысы бола алады.

«ШОБ топ-менеджментін оқыту» жобасы табысты бизнес құрудың жаңа модельдерін енгізуге, әрекет етуші кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамытуға және бизнес-тапсырмаларды стратегиялық және тактикалық шешуге бағытталған.

Бұл оқу бизнес-жобаларды сәтті қорғаған жағдайда сертификат алуға және Германияда ұқсас кәсіптегі кәсіпорында тегін шетелдік тағылымдамадан байқаулық іріктеу арқылы қатысуға мүмкіндік береді.