Биыл Алматылық 62 кәсіпкер «Назарбаев университетте» оқып қайтты. Алматы қаласы бойынша жоба жүзеге асырыла бастаған 2011 жылдан бастап биылғы жылға дейінгі аралықта 330 -дан астам бизнесі бар кәсіпкер оқыған.
«Шағын және орта кәсіпкерліктегі топ-менеджментті оқыту» семинарының тыңдаушылары жоба жайында оң пікірлерін білдіріп келеді. Оқу кезінде тәжірибе жүзінде қолданып көруге болатын және болашақта қажеттеріне жарайтын нақты кеңестер берілді, Назарбаев университеттегі оқу сапасы шын мәнінде халықаралық деңгейде, ал тақырыптары бизнесі бар жандар үшін өзекті,- дейді кәсіпкерлер.
Анықтама:
«Шағын және орта кәсіпкерліктегі топ-менеджментті оқыту» жобасы жемісті бизнес құруда жаңа үлгілерді жолға қоюға, кәсіпорындарды басқаруда тиімді әдістерді дамытуға және «БЖК 2020» Біріңғай бағдарламасы аясында шет елдік тәлімгерлерді шақырып, «Назарбаев университет» ДБҰ жанында стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешуге бағытталған.
Семинар бірнеше кезеңнен тұрады. Оқу біткен соң кәсіпкерге «Назарбаев» Университеті мен Дьюк университетінің бірлескен құжаты тапсырылады. Болашақта кәсіпкерлер «БЖК 2020» бағдарламасы аясында шет елде өтетін «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша шет елде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады.