menu
Жабу

Атырау қаласында «Әйел кәсіпкерлердің экономикалық – дамуы аймақтық дамудың табысы» атты дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар
08.10.2017

Атырау қаласында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы және ЕҚЫҰ қолдауымен «Әйел кәсіпкерлердің экономикалық – дамуы аймақтық дамудың табысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағының» төрағасы «Саяси және экономикалық әйелдер көшбасшысы» Казбекова Меруерт және Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Ажғалиева, мемлекеттікжәне қаржы институт басшылары қатысты.

Кездесудің баспасөз-брифингіне қаржы институттарының басшылары: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының директоры Гүлзада Шалагулова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау қаласының филиал директоры Дамир Давлетяьров және «Даму» Қоры Атырау аймақтық филиалының директоры Алия Утепкалиева қатысты.

Кездесу барысында «Даму» қоры Атырау аймақтық филиалының директоры Утепкалиева Алия Мендыханқызы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры туралы, шағын және орта бизнесті қолдау, «Даму» бағдарламалары жайында қысқаша атап өтті.

«Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында әйел кәсіпкерлерге қолдау көрсету (субсидиялау және кепілдік беру), сондай-ақ ЕҚДБ «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша, әйел кәсіпкерлерді микронесиелеу бойынша, АДБ есебінен шағын және орта бизнесті қолдау, өңірлік шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға бағытталған «Алтын Кеме 2» бағдарламасы бойынша әйел кәсіпкерлерге жеңілдетілген 8.5% мөлшерлі несие түрлері секілді мемлекеттік қолждау түрлері өте көп. Осы бағдарлама аясында саудамен айналысатын кәсіпкер әйелдердің жобаларын қоспағанда, кәсіпкер әйелдердің жобаларына салалық шектеусіз басымдық береді. Сондай-ақ мемлекеттен қолдау алған әйел кәсіпкердің жарқын жобалары жайлы да айтылды.

Сонымен қатар, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағының» төрағасы «Саяси және экономикалық әйелдер көшбасшысы» Казбекова Меруерт «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының - жұмысы жоғары деңгейде атып өтті.

Кездесу барысында барлық кәсіпкерлер қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауап алды.