menu
Жабу

Атырау қаласында «Startup-Академиясы» жобасының 3 кезеңі бойынша байқау өтті

Жаңалықтар
15.09.2017

14 қыркүйек күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде алты күндік оқудан өткен жас кәсіпкерлер арасында «Startup-Академия» жобасы шеңберінде стартап жобалардың байқауы өтті.

Аталған жоба шеңберінде оқудан 32 адам өтсе, соның ішінде 12 адам өз жобаларын байқауға ұсынды. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ателье, оқу орталығы, жиһаз өндірісі, тауар тасымалдау компаниясы, кітап кафесі, кондитерлік цех, мүгедектерге арналған спорттық сауықтыру орталығы және тағы басқа жобалар болды.

Сонымен қоса комиссиядағы қазылар алқасында тұрақты түрде екінші деңгейлі банктердің өкілдері («Ресей Жинақ Банк» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ) және Атырау қаласының жас кәсіпкерлері Қиясов Әділет, Қосымбаев Ержан, Диукашева Раушан, Байбатыров Азилхан және т.б. болып табылады.

Үшінші кезеңнің бұған дейінгі басқа екі кезеңнен ерекшелігі, мұнда қазылардың назары әлеуеметтік және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жобаларға көңіл бөлінді.

Қазылар жобаларды бес балдық жүйемен және стартааптың жаңалығы, нарықта оған сұраныс деңгейіне, бәскелестікке қабілеттілігі, қайтарымдылығы, әлеуметтік тиімділігі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы сияқты талаптармен бағалады.

Әрбір қатысушы өз алдына ерекше болды. Сондықтан қазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиынға түсті.

«Startup-Академия» жобасының қортындысы бойынша жоба жеңімпазы болып Үсенов Ильястың «Мүгедек адамдарды спорттық сауықтыру орталығын ашу» жобасы жеңімпаз болып табылып, оған 50 теңгенің сертификаты табыс етілді.