21 тамыз күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облыстық аймақтық филиалындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Шағын және ора кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру» атты тренинг өтті.
Кездесу бастамасы бар, ісін жаңа бастаған және бұрыннан бизнесі бар кәсіпкерлермен сұрақ-жауап режимінде өтті.
Кездесу барысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Сатекбаев Жандос мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жайлы түсіндірді. Атап айтқанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы және «Даму Оптима» бағдарламасы жайында мағлұмат берді.
Тренингке 15 адам қатысты. Мысалы, тренингке қатысушы Болатбек Уалихан осы тренингтен кейін банктің ШОБ бөлімінің қызметкерлерімен тілдесу кезінде өзін әлдеқайда сенімді ұстайтындығын атап өтті.